Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасы рекордтық жолдамаға ие болды

Жарияланған күні:

Париж Олимпиадасы
Париж Олимпиадасы. Фото: Olympic.kz

28 тамызда Франция астанасы Парижде Паралимпиада ойындары басталады. Бұл додаға Қазақстан атынан 44 спортшы қатысады, деп KAZ.NUR.KZ ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына Қазақстаннан 44 спортшы қатысады, бұл рекордтық көрсеткіш.
  • Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен 33 лицензия иеленді.
  • Қазақстандық спортшылар каноэде есу, үстел теннисі және волейболды отырып ойнаудан алғаш рет лицензия алды.

2021 жылы Токиода өткен Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан 26 спортшы бақ сынаған болатын. Ал биыл Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы рекордтық жолдамаға ие болды.

"Біздің құрама спорттың 9 түрінен (паражүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэде есу, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау – ерлер, пара нысана көздеу, пара үстел теннисі, пара дзюдо) 33 лицензия иеленді. Жалпы 44 спортшы Парижге барады", - делінген министрліктің хабарламасында.

Сондай-ақ қазақстандық спортшылар каноэде есу (әйел), үстел теннисі мен волейболды отырып ойнаудан алғаш рет лицензия жеңіп алды.

Айта кетейік, Париждегі Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2150451-paralimpiada-2024-qazaqstan-quramasy-rekordtyq-zholdamaga-ie-boldy/