Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Берген уәдесін орындады": Кеңес Рақышев дзюдошылар Сметов пен Қырғызбаевқа көлік сыйлады

Жарияланған күні:

Кеңес Рақышев дзюдошылар Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа көлік сыйлады
Кеңес Рақышев дзюдошылар Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа көлік сыйлады. Фото: instagram.com/myktybekovmaratbek

Қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кеңес Рақышевтың дзюдошыларға сыйлығы туралы Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Кеңес Хамитұлы қос батырымыз Елдос пен Ғұсманға берген уәдесін орындап, темір тұлпардан мінгізді. Алла сізге разы болсын Кеңес мырза!", - деп жазды Мықтыбеков.

Париж татимінде 60 кг салмақта белдескен Елдос Сметов финалда франциялық дзюдошы Лука Мхеидзені жеңіп, алтын медаль еншілеген еді. Ал Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) қола жүлдеге таласта сербиялық дзюдошы Страхинья Бунчичтен басым түсіп, ел қоржынын тағы бір медальмен толықтырған болатын.

Еске сала кетсек, атыраулықтар Абиба Абужақынова мен Эсмигүл Куюловаға құрмет көрсетіп, көлік сыйлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2150667-kenges-raqyshev-dziudoshylar-eldos-smetov-pen-gusman-qyrgyzbaevqa-kolik-syilady/