Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ересектерге бәсекелес болады": Хусанжан Құрбанов еліміздегі жас гимнасттардың әлеуетін бағамдады

Жарияланған күні:

Нариман Құрбанов пен Хусанжан Құрбанов
Нариман Құрбанов пен Хусанжан Құрбанов. Фото: instagram.com / n_kkz

Спорттық гимнастикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Хусанжан Құрбанов еліміздегі гимнастшылардың мүмкіндігі мен әлеуеті туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Спорттық гимнастикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Хусанжан Құрбанов еліміздегі гимнастшылардың мүмкіндігі мен әлеуеті туралы пікір білдірді.
  • Құрбановтың айтуынша, қазіргі таңда жастар құрамасының әлеуеті мықты, олар Азия чемпионатында қола жүлде алған.
  • Жаттықтырушы Нұртан Идрисов, Роман Хегай, Темірбек Алтынхан сияқты жас гимнастшылардың жақсы өнер көрсетіп жүргенін және олардың келесі жылы ересектер қатарына өтетінін атап өтті.

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Олимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына арналған баспасөз жиыны өтті.

Аталмыш жиында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановтың бапкері Хусанжан Құрбанов еліміздегі гимнастшылардың мүмкіндігін бағалады.

"Қазіргі таңда жастар құрамасының әлеуеті мықты. Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған болатын. Нұртан Идрисов, Роман Хегай, Темірбек Алтынхан секілді гимнастшылар жастар арасындағы жарыстарда жақсы өнер көрсетіп жүр. Алдағы жылы бұл спортшылар ересектер қатарына өтеді. Сондықтан біздің жастар құрамамыз мықты және ересектерге бәсекелес болатыны сөзсіз", - деді Хусанжан Құрбанов.

Сонымен бірге Хусанжан Құрбанов алдағы уақытта еліміздегі гимнастиканың даму қарқынына да тоқталды.

"Алдағы уақытта гимнастика жақсы бағытта өзгеретініне сенімдімін. Осы уақытқа дейін бірқатар додаларда жеңіске жеттік: әлем кубогында жүлде еншіледік. Сондай-ақ Олимпиадада иеленген күміс медаль гимнастиканың дамуына өзіндік септігін тигізетіні анық", - деп пікір білдірді Хусанжан Құрбанов.

Айта кетейік, бүгін, 20 тамызда Алматы әкімі Ерболат Досаев Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарынан жүлдемен оралған алматылық спортшыларды марапаттаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2150959-eresekterge-basekeles-bolady-husanzhan-qurbanov-elimizdegi-zhas-gimnasttardyng-aleuetin-bagamdady/