Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте бірден 199 сатыға көтерілді

Жарияланған күні:

Юлия Путинцева
Юлия Путинцева. Фото: Cameron Smith/Getty Images

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жұптық сындағы рейтингінде бірден 199 сатыға жоғарылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Юлия Путинцева Цинциннатиде (АҚШ) өткен WTA 1000 турнирінде канадалық Лейла Фернандеспен бірге жұптық сында өнер көрсетіп, финалға дейін жеткен еді. Бұл дуэт ақтық сында америкалық Айша Мұхаммед пен жаңазеландиялық Эрин Роутлифке қарсы ойнап, жеңіліп қалған болатын.

Осыдан кейін Юлия Путинцева жұптық сында өнер көрсететін теннисшілер арасындағы WTA рейтингінде 293-орыннан 94-орынға көтерілді.

Сондай-ақ Путинцева жекелей сында да 34-тен 31-орынға жоғарылап, ТОП-30-ға қайта жақындады. Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина рейтингтегі 4-орнын сақтап қалды.

Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Парижде өткен Олимпиада ойындарына Юлия Путинцева тізе жарақатына байланысты қатыса алмаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2151186-qazaqstandyq-tennisshi-alemdik-reitingte-birden-199-satyga-koterildi/