Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сенімнің жоғалуына байланысты": ҰОК бас хатшысының өкілеттігі жойылды

Жарияланған күні:

Жанар Өтешева мен Геннадий Головкин
Жанар Өтешева мен Геннадий Головкин. Фото: olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысына қатысты ресми мәлімдеме жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҰОК-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Президентінің бұйрығымен Бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды.

Одан бөлек, сенімінің жоғалуына байланысты Ж.Өтешеваны Бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады", - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, Жанар Өтешева биыл 26 ақпанда ҰОК бас хатшысы болып тағайындалған еді.

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Жанар Өтешева А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2022-2023 жылдары жеке коммуникациялық компанияның бас директоры, 2016-2022 жылдары ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті коммуникация Департаментінің жетекшісі, 2015-2016 жылдары Астана қ. әкімі аппараты баспасөз қызметінің жетекшісі, Астана қ. әкімінің баспасөз хатшысы болып қызмет атқарған.

Өтешеваның спорт саласындағы еңбек өтілі 2009 жылы Астана қалалық спорт Басқармасының баспасөз хатшысы қызметінен басталған. Ол 2013 жылдан бері Геннадий Головкиннің PR-кеңесшісі, менеджері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2151459-uok-bas-hatshysy-zhanar-oteshevanyng-okilettigi-zhoiyldy/