Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа құрамы белгілі болды

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: olympic.kz

Бүгін, 26 ақпанда Астанада Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті Бас Ассамблеясының кезектен тыс отырысы өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҰОК-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас Ассемблеяның отырысында Геннадий Головкин ҰОК-нің жаңа президенті болып сайланды. Оның кандидатурасын Бас Ассамблея мүшелері бір ауыздан қолдады. 2015 жылдан бері бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған еді.

Сондай-ақ ҚР ҰОК Бас Ассамблеясы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша атқару комитеті мен тексеру комиссиясының келесі құрамы сайланды:

  • Бас хатшы: Жанар Азырқанқызы Өтешева;
  • Жазғы спорт түрлері бойынша вице-президент: Данияр Әбілғазин, "Қазақстан Республикасы үстел теннисі" ҚҰ президенті;
  • Қысқы спорт түрлері бойынша вице-президент: Мамин Асқар Ұзақбайұлы, "Шайбалы хоккей федерациясы" РҚҰ президенті;
  • Жалпы сұрақтар бойынша вице-президент: Мырзабосынов Ербол Амантайұлы, спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитет басшысы
  • Паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту жөніндегі вице-президент: Сәпиев Серік Жұманғалиұлы, Олимпиада ойындарының чемпионы (2012).

Спортшылар комиссиясының өкілі:

  • ҚР ҰОК спортшылар Комиссиясының өкілі Рыпакова Ольга Сергеевна, Лондон Олимпиадасының чемпионы (2012), Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері (2008) және Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері (2016).

Ұлттық спорт федерацияларының өкілдері:

  • Ахметов Даниал Кенжетайұлы, "Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясы" РҚҰ президенті;
  • Баландин Дмитрий Игоревич, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы (2016);
  • Гаджиев Гаджи Шопиевич, "Ауыр атлетика федерациясы" ҚҰ бірінші вице-президенті;
  • Есекеев Қуанышбек Бақытұлы, "Дзюдо федерациясы" РҚҰ президенті;
  • Сүлейменов Диас Төлеутайұлы, "Қазақстан Республикасының Ұлттық шаңғы қауымдастығының" президенті;
  • Өтемұратов Болат Жәмитұлы, "Теннис федерациясы" РҚҰ президенті;
  • Юсупова Әлия Мақсұтқызы, "Қазақстан гимнастика федерациясы" ҚҰ президенті.

Тексеру комиссиясының мүшелері:

  • Төраға: Алпамысов Абай Әбдісәметұлы, "Ұлттық баскетбол федерациясы" РҚҰ президенті;
  • Комиссия мүшелері: Серіков Роллан Серікұлы, Qazaq Kuresi федерациясының вице-президенті; Әшімбеков Раббани Абдукамалұлы, "Қазақстан гимнастика федерациясы" ҚҰ бас хатшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2063098-ulttyq-olimpiada-komitetinin-zana-qurama-belgili-boldy/

pixel