Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі мәрте допинг дауына іліккен әлемнің үздік теннисшісі дисквалификациядан құтылып кетті

Жарияланған күні:

Янник Синнер
Янник Синнер. Фото: Frey/TPN/Getty Images

Әлемнің бірінші ракеткасы италиялық Янник Синнерге допинг қолданды деген айып тағылды. Теннис әділдігін қамтамасыз ету жөніндегі Халықаралық агенттік (ITIA) италиялық теннисшінің екі мәрте допинг-тестінен өткенін және нәтижесі оң деп көрсетілгенін мәлімдеді, деп KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Әлемнің бірінші ракеткасы италиялық Янник Синнерге допинг қолданды деген айып тағылып, оның ағзасынан анаболикалық стероид клостебол табылған.
  • ITIA мәлімдемесі бойынша, Синнер бұл заттың ағзасына кездейсоқ түскенін дәлелдеді, оның командаласының қолданған емдік спрейінің құрамында болған клостебол массаж арқылы теннисшінің денесіне өткен.
  • Осы жағдайға байланысты Синнер рейтингтегі 400 ұпайынан және Индиан-Уэллстегі ATP Masters 1000 турниріндегі жүлдесінен айырылды, бірақ қазіргі уақытта әлі де АТР рейтингінде көш бастап келеді.

Индиан-Уэллс (АҚШ) мастерс додасы кезінде 10 наурызда өткізілген тест Янник Синнердің ағзасында тыйым салынған анаболикалық стероид – клостебол бар екендігін көрсетті.

Сонымен бірге 18 наурызда алынған талдаудың нәтижесі бойынша да тағы бір мәрте италиялық теннисшінің ағзасында клостебол метаболиті табылғаны белгілі болды.

Алайда, ІТІА ұйымының мәлімдемесіне сәйкес, Синнер бұл заттың ағзасына кездейсоқ түскенін дәлелдеді.

"Янник Синнердің командаласы Италияда қолжетімді рецептісіз сатылатын спрейді жараны емдеу үшін қолданған. Бұл спрейдің құрамында клостебол болған. Командаласы 5-13 наурыз аралығында спрейді қолданған, осы кезеңде Синнерге күнделікті массаж және спорттық терапия жасалған, бұл спортшының ағзасына заттың трансдермальды түрде енуіне әкелген", - делінген ITIA мәлімдемесінде.

Осы жағдайға байланысты Янник Синнер дисквалификацияға ұшырамады. Тек рейтингтегі 400 ұпайынан және Индиан-Уэллсте өткен ATP Masters 1000 турниріндегі жүлдесінен айырылды.

Айта кетейік, осы маусымда Янник Синнер Аустралия ашық чемпионатында жеңіске жетіп, "Ролан Гарростың" жартылай финалына дейін жетті. Қазіргі уақытта италиялық теннисші АТР рейтингінде көш бастап келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2151580-eki-marte-doping-dauyna-ilikken-alemning-uzdik-tennisshisi-diskvalifikatsiiadan-qutylyp-ketti/