Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шикі тұстар көп": ҰОК бас хатшысы қызметінен босатылған Жанар Өтешева желіде жазба жариялады

Жарияланған күні:

Жанар Өтешева
Жанар Өтешева. Фото: instagram.com/zhanar_utesheva

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы қызметінен босатылған Жанар Өтешева Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Сенімді жоғалтпаған" достардан келген қоңыраулар легінде шек жоқ. Менде бәрі жақсы, бәріне көп рахмет!

Ақпаратқа қатысты тек бір нәрсе айта аламын. Сіздерге ұсынылған нұсқада "шикі" тұстар көп. Олардың орны уақыт өте келе толатын болар. Оған дейін ешқандай пікір білдіре алмаймын. Кем дегенде біреу ер жігітке тән әрекет жасауы керек қой", - деп жазды Жанар Өтешева.

Бүгін, 21 тамызда Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті президентінің бұйрығымен бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылғаны хабарланған еді. Сондай-ақ сенімнің жоғалуына байланысты Ж.Өтешеваны бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылатыны да атап өтілді.

Жанар Өтешева биыл 26 ақпанда ҰОК бас хатшысы болып тағайындалған еді. Ол 2013 жылдан бері Геннадий Головкиннің PR-кеңесшісі, менеджері болып қызмет атқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2151682-shiki-tustar-kop-uok-bas-hatshysy-qyzmetinen-bosatylgan-zhanar-otesheva-zhelide-zhazba-zhariialady/