Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында 4 алтын медаль жеңіп алды

Жарияланған күні:

Азия чемпионатында жүлделі орын еншілеген каратэшілер
Азия чемпионатында жүлделі орын еншілеген каратэшілер. Фото: kazsports.kz

Филиппин елінің Манила қаласында өткен WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл додада қазақстандық каратэшілер жалпы командалық есепте үздік үштікке енді, деп KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Манилада өткен WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.
  • Қазақстандық каратэшілер 4 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
  • Жарыста 14-15, 16-17 және 18-20 жас аралығындағы спортшылар бақ сынап, жалпы 30 елден 600 қатысушы өнер көрсетті.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша қазақстандық каратэшілер 4 алтын, 6 күміс, 4 қола жүлде еншілеп, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға жайғасты. 

Жапония құрамасы 25 медаль иеленіп (16 алтын, 1 күміс, 8 қола) топ жарса, Иран каратэшілері (10 алтын, 4 күміс, 9 қола) екінші сатыны місе тұтты. 

Алғашқы жарыс күнінде 14-15 жас аралығындағы спортшылардан Нуриниса Дайырхан (47 кг), Перизат Алдаберген (61 кг), Өмірзақ Ақсұлтан (70 кг) күміс, Әсемай Алтынбек (54 кг) пен Мүслима Ерназар (+61 кг) қола медаль еншіледі. 

Жарыстың соңғы күні 18-20 жас аралығында Даяна Даренская (61 кг) мен Венера Жақсыбаева (68 кг) жеңімпаз атанса, Асылай Савидова (+68 кг) күміс жүлде иеленді. 

Сондай-ақ 16-17 жас аралығында Ергенбай Бейбарыс (68 кг) пен Қадырғали Әлихан (76 кг) алтыннан алқа тақса, Әбдіқадыр Мирас (55 кг), Дияна Серғазина (48 кг) күміс, Гүлнұр Қойшыбай (59 кг), Алуа Жұмаділдә (+66 кг) қолаға қол жеткізді.

Айта кетейік, WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионатында жалпы саны 30 елден 600 қатысушы бақ сынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2153220-qazaqstandyq-karateshiler-aziia-chempionatynda-4-altyn-medal-zhengip-aldy/