jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Швециялық жеңіл атлет әлем рекордын қатарынан оныншы мәрте жаңартты

    Арман Дюплантис
    Арман Дюплантис. Фото: Andrzej Iwanczuk/NurPhoto via Getty Images

    Швециялық Арман Дюплантис "Гауһар лигасы" кезеңінде биікке секіруден өзі орнатқан әлем рекордын жаңартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының Х желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Швециялық спортшы Арман Дюплантис Польшада өткен Гауһар лигасы кезеңінде биікке секіруден 6,26 метрлік әлемдік рекорд орнатты.
    • Бұл нәтиже оның Париж Олимпиадасында орнатқан 6,25 метрлік рекордынан асып түсті.
    • 24 жастағы Дюплантис осылайша биікке секіруден әлемдік рекордты оныншы рет жаңартып, 50 мың АҚШ доллары сыйақыға ие болды.

    Швециялық спортшы Польшаның Хожув қаласындағы Камила Скалимовска мемориалында өткен "Гауһар лигасы" кезеңінде тарихи жетістікке қол жеткізді.

    Арман Дюплантис 6,26 м биіктікті бағындырып, "Гауһар лигасының" 12-кезеңінде жеңіске жетті. Ол Франция астанасы Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиадада орнатқан әлемдік рекордынан (6,25 м) асып түсті.

    Хожув қаласындағы бұл жетістігі үшін Арман Дюплантис 50 мың АҚШ долларына сертификат еншіледі. Осылайша 24 жастағы швециялық спортшы биіктікке секіруден әлем рекордын оныншы мәрте жаңартты.

    Польшада өткен бұл бәсекеде америкалық Сэм Кендрикс күміс, ал грекиялық Эммануэль Каралис қола жүлдені жеңіп алды. Екеуі де 6,00 м нәтижені көрсетті. Парижде өткен Олимпиадада да осы спортшылар жеңіс тұғырына көтерілген болатын.

    Швециялық жеңіл атлет әлем рекордын қатарынан оныншы мәрте жаңартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.