jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирге жаңа бапкердің жетекшілігімен дайындалып жатыр

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: пресс-служба Казахстанской федерации тенниса

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open турниріне тыңғылықты дайындалып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Елена Рыбакина АҚШ-тағы US Open турниріне Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Щукиннің жетекшілігімен дайындалуда.
    • Қазақстан теннис федерациясының мәлімдемесі бойынша, Елена Рыбакина үшін жаңа жеке жаттықтырушы іздестірілуде.
    • US Open турнирінің алғашқы кезеңінде Рыбакина WTA рейтингінде 194-орында тұрған аустралиялық Дестани Айавамен кездеседі.

    Журналист Ерік Ілиясовтың X желісіндегі ресми парақшасында жарияланған фотода Рыбакинаның жаңа бапкермен жаттығу жүргізіп жатқанын көруге болады,

    Теннистен Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамаларының бас бапкері Юрий Щукиннің жетекшілігімен әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтетін US Open додасына дайындалып жатыр.

    "Юрий Щукин Қазақстан құрамасының капитаны ретінде Еленаның жаттығуларына қатысады, ал Елена Рыбакина үшін жаңа жеке жаттықтырушы іздестірілуде", - делінген Қазақстан теннис федерациясының хабарламасында.

    Бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 37 жастағы хорватиялық бапкер Стефано Вуковпен серіктестікті тоқтатқанын мәлімдеді.

    Айта кетейік, US Open турнирінің алғашқы кезеңінде Елена Рыбакина аустралиялық теннисші Дестани Айавамен кездеседі. Айава қазіргі уақытта WTA рейтингінде 194-орында тұр.

    Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирге жаңа бапкердің жетекшілігімен дайындалып жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.