Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: қазақстандық клубтардың топтық кезеңдегі жарыс кестесі белгілі болды

Жарияланған күні:

"Семей" футзал клубы
"Семей" футзал клубы. Фото: instagram/davi.mendonca.13

Қазақстандық "Семей" және "Қайрат" клубтарының футзалдан Чемпиондар лигасы турнирінің негізгі кезеңіндегі ойын кестесі белгілі болды. Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің ойындары 22-27 қазан аралығында Алматыда өтеді, деп KAZ.NUR.KZ тілшісі УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қазақстандық "Семей" және "Қайрат" футзал клубтары Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде "Спортинг" (Португалия) және "Халадаш" (Венгрия) командаларымен бір топта ойнайды.
  • Чемпиондар лигасының негізгі кезең ойындары 22-27 қазан аралығында Алматыда өтеді.
  • "Семей" алғаш рет қатысса, "Қайрат" 21-ші рет қатысып, екі рет жеңімпаз атанған.

"Қайрат" пен "Семей" футзал клубтары төртінші топта "Спортинг" (Португалия), "Халадаш" (Венгрия) командаларымен кездесу өткізеді. Осы топтан үздік шыққан үш команда жарыстың элиталық кезеңіне жолдама алады.

Биыл ел чемпионы атанған "Семей" футзал клубы Чемпиондар лигасына алғаш рет қатысқалы жатыр. Ал алматылық "Қайрат" командасы өз тарихында 21 рет бұл ірі турнирде бақ сынамақ. Бұл Еуропа құрлығындағы командалар арасындағы абсолютті рекорд.

Сонымен бірге "Қайрат" футзал клубы 2012/2013, 2014/2015 жылғы маусымдарда Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған болатын. 

Футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің жарыс кестесі:

  • 22 қазан

"Семей" – "Спортинг" (Португалия);

"Қайрат" – "Халадаш" (Венгрия).

  • 23 қазан

"Халадаш" (Венгрия) – "Спортинг" (Португалия);

"Қайрат" – "Семей".

  • 25 қазан

"Семей" – "Халадаш" (Венгрия);

"Қайрат" – "Спортинг" (Португалия).

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Тәжікстанмен өткен екі жолдастық кездесуде де жеңіске жеткен болатын. Алғашқы матчта 3:0 есебімен басым түсее, екінші ойында 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2153671-chempiondar-ligasy-qazaqstandyq-klubtardyng-toptyq-kezengdegi-zharys-kestesi-belgili-boldy/