Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өлімнен бәріміз қорқамыз": Англия құрамасының бұрынғы бапкері дүниеден өтер алдында үндеу қалдырған

Жарияланған күні:

Cвен-Йоран Эриксон
Cвен-Йоран Эриксон. Фото: Simone Arveda/Getty Images

Кеше, 26 тамызда әйгілі швециялық бапкер Свен-Йоран Эрикссон қайтыс болды. Ол өмірінің соңғы сәттерінде жанкүйерлер мен әріптестеріне алғысын айтып, үндеу қалдырып кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Биыл қаңтарда ұйқы безінің қатерлі ісігіне шалдыққан Эрикссон 76 жасында көз жұмды. Daily Mail басылымы бапкердің өлім алдындағы үндеуін жариялады.

"Мен жақсы өмір сүрдім. Біз бәріміз өлімнен қорқамыз, сол күннің келуінен қорқамыз деп ойлаймын. Бірақ өлім – өмірдің бір бөлігі. Біз оны қабылдай алуымыз керек.

Сіздер мені қолдан келгеннің бәрін істеуге тырысқан көңілді жігіт ретінде есте сақтайсыздар деп үміттенемін. Мұңаймаңыздар, күлімдеп жүріңіздер. Бапкерлерге, ойыншыларға, жанкүйерлерге, бәріңізге рахмет, бұл өте күшті кезең болды. Өздеріңізді, өз өмірлеріңізді сақтаңыздар. Сол өмірді лайықты сүріңіздер", - деді Эрикссон.

Айта кетейік, Свен-Йоран Эрикссон 2001-2006 жылдар аралығында футболдан Англия құрамасының бас бапкері болып қызмет еткен. Ол "Рома", "Бенфика", "Фиорентина" сияқты еуропалық клубтарда бапкер болған. Англияда ұлттық құрамамен қатар "Манчестер Сити" мен "Лестер Сити" командаларын да жаттықтырған және "Ноттс Каунти" клубының спорттық директоры қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2153673-olimnen-barimiz-qorqamyz-angliia-quramasynyng-buryngy-bapkeri-dunieden-oter-aldynda-undeu-qaldyrgan/