Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев: Талантты бапкерлер өз елімізде қолдау таппай, шетел асып кетіп жатады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев спорт резервін әзірлеу ісінде балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері негізгі рөл атқаратынына назар аударып, олардың жұмысын жүйелеу жөнінде мәселе қозғады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің жұмысын жүйелеу қажеттігін атап өтті, олардағы олимпиадалық спорт түрлерінің аздығына алаңдаушылық білдірді.
  • Президент спорт саласына жоғары білікті мамандарды тарту үшін қолайлы жағдай жасау керектігін айтты.
  • Тоқаев талантты бапкерлердің шетелге кетуіне алаңдаушылық білдіріп, олардың әлеуметтік және кәсіби мәртебесін арттыру қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласына жоғары білікті мамандарды тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасау керек екенін атап өтті.

"Өкінішке қарай көптеген талантты бапкерлер өз елімізден қолдау таппай, шетел асып кетіп жатады. Олар сол жерге барып, жас спортшыларды тәрбиелейді, яғни басқа мемлекеттің ұлттық құрама командаларын әлемдік додаларға дайындайды.

Мысалы осы Олимпиада ойындарында Тунис елінің тхэквондодан ұлттық құрамасы қазақ бапкері Есбол Сұлтановтың жетекшілігімен екі медаль жеңіп алды, оның біреуі алтын медаль. Бапкерлерге жан-жақты қолдау көрсету шараларын қолға алу керек, әсіресе олардың қоғамдағы әлеуметтік және кәсіби мәртебесін арттыру өте маңызды. Бір сөзбен, бізге мықты бапкерлер мектебін жасақтау қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін, 27 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Франция астанасы Парижде өткен ХХХІІІ Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2153848-qasym-zhomart-toqaev-talantty-bapkerler-oz-elimizde-qoldau-tappai-shetel-asyp-ketip-zhatady/