Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады

Жарияланған күні:

Назым Қызайбай мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Назым Қызайбай мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған спортшылар мен бапкерлерге мемлекеттік наградалар табыс етті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасында жеңіс қазанған спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік марапаттармен құрметтеді.
  • Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесу өткізді.
  • Тоқаев Паралимпиада ойындарына қатысатын спортшыларға сәттілік тіледі.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, 27 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Франция астанасы Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті.

Мемлекет басшысы бұл жиында Паралимпиада ойындарына қатысатын спортшыларымызға сәттілік тілеп, Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған спортшылар мен бапкерлерді мемлекеттік наградамен марапаттады.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесуінде ең алдымен, Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің жеңісіне ерекше тоқталған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үшін бұқаралық спортқа жүйелі қолдау көрсету, жан-жақты дамыған, салауатты ұлт қалыптастыру маңызды екенін еске салды.

Хусанжан Құрбанов пен Қасым-Жомарт Тоқаев
Хусанжан Құрбанов пен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Юрий Мельниченко мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Юрий Мельниченко мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Ғұсман Қырғызбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев
Ғұсман Қырғызбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекеттік наградалар
Мемлекеттік наградалар. Фото: t.me/aqorda_resmi

Александра Ле мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Александра Ле мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Демеу Жадыраев пен Қасым-Жомарт Тоқаев
Демеу Жадыраев пен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Нұрбек Оралбай мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Нұрбек Оралбай мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2153859-qasym-zhomart-toqaev-olimpiada-zhuldegerlerin-tosbelgimen-marapattady-foto/