Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір матчта екі команда ауыстырды: Америка бейсбол лигасында ерекше жағдай болды

Жарияланған күні:

Дэнни Дженсен
Дэнни Дженсен. Фото: Paul Rutherford/Getty Images

29 жастағы кәсіби кэтчер Дэнни Дженсен Америка бейсбол лигасында (MLB) ерекше жағдайға тап болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ESPN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Америкалық бейсбол лигасында (MLB) "Бостон Ред Сокс" пен "Торонто Блю Джейс" командаларының арасындағы матч жауын-шашынның салдарынан тоқтатылып, екі ай кейінге шегерілді.
  • Осы уақыт аралығында кэтчер Дэнни Дженсен "Бостоннан" "Торонтоға" ауысып, ойынды бұрынғы клубына қарсы жалғастырды.
  • Дженсеннің айтуынша, "Бейсбол тарихында осындай із қалдырғаныма қуаныштымын, бұл өте ерекше жағдай болды", ал матч 7:3 есебімен оның жаңа клубы "Торонтоның" пайдасына аяқталды.

Оқиға екі ай бұрын, 26 маусымда өткен "Бостон Ред Сокс" пен "Торонто Блю Джейс" командаларының арасындағы матчта орын алды. Қатты жауған жаңбырдың салдарынан ойын тоқтатылып, 27 тамызға дейін кейінге шегерілген болатын. Осы уақыт аралығында бейсболшы Дэнни Дженсен "Бостоннан" қарсылас команда "Торонтоға" ауысып, ойынды бұрынғы клубына қарсы жалғастырды.

"Дәл осындай сипаттағы жағдай бірінші рет орын алғанын естігенде таңғалдым. Бейсбол тарихында осындай із қалдырғаныма қуаныштымын, бұл өте ерекше жағдай болды", - деді Дэнни Дженсен.

Айта кетейік, кейінге шегерілген матч ақырында 7:3 есебімен Дженсеннің жаңа клубы "Торонтоның" пайдасына аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2153991-bir-matchta-eki-komanda-auystyrdy-amerika-beisbol-ligasynda-erekshe-zhagdai-oryn-aldy/