jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшылар армрестлингтен әлем чемпионатында 82 алтын медаль жеңіп алды

    Армрестлингтен әлем чемпионатында жүлдегер атанған спортшылар
    Армрестлингтен әлем чемпионатында жүлдегер атанған спортшылар. Фото: gov.kz

    Молдованың Кишинев қаласында армрестлингтен әлем чемпионаты өтті. Бұл додада қазақстандық спортшылар 82 алтын медаль жеңіп алды, деп KAZ.NUR.KZ тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Молдованың Кишинев қаласында өткен армрестлингтен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 82 алтын, 92 күміс, 82 қола медаль жеңіп алды.
    • Жалпы командалық есепте Қазақстан бірінші орын алды, екінші орынға Түркия, үшінші орынға Грузия тұрақтады.
    • Нұрдәулет Айдархан, Мейрамбек Ерсайын және Ердәулет Нұрмахан сияқты спортшылар бірнеше дүркін әлем чемпионы атағына ие болды.

    15-25 тамыз аралығында Молдовада өткен әлем чемпионаты биыл 45-мәрте өтті. Биылғы додаға 61 мемлекеттен 1500-ге жуық қол күрес шебері сынға түсті. Бұл қатарда жасөспірімдер, жастар, ересектер, ардагерлер және пара атлеттер бар.

    Әлем біріншілігінде ел намысын 150 спортшы қорғады. Қазақстандық спортшылар 82 алтын, 92 күміс, 82 қола жүлде (барлығы 256) еншілеп, жалпы командалық есепте 1-орын алды. Екінші орынға Түркия, үшінші орынға Грузия тұрақтады.

    Нұрдәулет Айдархан Кишиневте ересектер арасында 7 дүркін (оң қолда алтын, сол қолда күміс), жастар арасындағы нәтижесін қосқанда 12 дүркін әлем чемпионы атанды. Сонымен бірге Молдовада Мейрамбек Ерсайын 7 дүркін, Ердәулет Нұрмахан 5 дүркін әлем чемпионы атағына ие болды.

    Айта кетейік, былтыр армрестлингтен әлем біріншілігі Алматыда өткен еді. 52 елден 1000-нан астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтаған болатын. Былтырғы чемпионатта Қазақстан құрамасы 72 алтын, 57 күміс, 27 қола медаль еншілеп, жалпы есепте топ жарған.

    Сондай-ақ 2022 жылы Түркияның Анталья қаласындағы әлем чемпионатында 54 елден 1700 спортшы бас қосқан. Қазақстан 68 алтын, 66 күміс пен 36 қола жүлдемен жалпы есепте 1-орын алған.

    Қазақстандық спортшылар армрестлингтен әлем чемпионатында 82 алтын медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.