jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Үміт ақталмады": министр Ермек Маржықпаев еркін күрес пен жеңіл атлетика құрамасын сынға алды

    Париж Олимпиадасының қорытындысына арналған алқа отырысы
    Париж Олимпиадасының қорытындысына арналған алқа отырысы. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев еркін күрес пен жеңіл атлетика құрамасының Париж Олимпиадасындағы нәтижесі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ министрліктің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ермек Маржықпаев міндеттемелерге сәйкес еркін күрес командасы қола медаль алуға уәде бергенін атап өтті. Алайда спортшылар ширек финалға өте алмай, бірінші айналымнан шығып қалды. Тіпті медаль жеңіп алу жағынан ең сәтсіз деген Токио Олимпиадасында қола медаль болған еді.

    "Тарихта алғаш рет әйелдер күресінен спортшылар Ойындарға қатысқан жоқ. Бұрын бізде дәстүрлі түрде жақсы позициялар болған", - деді министр.

    Cондай-ақ Ермек Маржықпаев жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының Париж Олимпиадасындағы нәтижесіне баға берді.

    "Жеңіл атлетика командасы 8 лицензиямен барды. Қабылданған міндеттемелерге сәйкес, құрама 1 күміс медаль жеңіп алуға уәде берді. Алайда спортшылардың ең жақсы көрсеткіші 9-орын болды.

    2000 жылдан бастап, Токио ойындарын қоспағанда, спортшылар тұрақты түрде жүлде алып жүрді. Барлығы 87 спортшы қатысып, 5 медаль жеңіп алды: 2 алтын, 1 күміс және 2 қола. Бұл ретте 5 медальдың 3-і бір спортшы – Ольга Рыпаковаға тиесілі.

    Надежда Дубовицкаяның ең жақсы нәтижесі – 2 м. Ал осы маусымда – 1,92 м. Париждегі іріктеуде тек 1,83 м биіктікті еңсере алды. Матвеева Елизавета ең жақсы нәтижені көрсете алар еді, өйткені ол бұрын 1,92 м биікті еңсерген еді. Осы ойындарда ол 1,88 метрге секірді. Біз жеңіл атлетика командасынан жақсы нәтиже күткен едік, бірақ үмітіміз ақталмады", - деді Маржықпаев.

    Осыған дейін Ермек Маржықпаев бокстан ерлер құрамасының Париждегі нәтижесі туралы айтқан еді.

    "Үміт ақталмады": министр Ермек Маржықпаев еркін күрес пен жеңіл атлетика құрамасын сынға алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.