Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көңіліміз қалды": спорт министрі Ермек Маржықпаев теннис федерациясын сынға алды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ермек Маржықпаев
Ермек Маржықпаев. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж Олимпиадасының қорытындысына арналған кеңейтілген алқа отырысында қазақстандық теннисшілердің Олимпиада ойындарындағы өнері туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маржықпаев Парижде өткен Олимпиада ойындарын қорытындылай келе Қазақстан теннис федерациясының бас хатшысы Диас Досқараевқа үндеу жасады.

"Біз үлкен үміт күттік, теннис командасы көңілімізді қалдырды. Алты лицензия, бес спортшы... Нәтижесінде, Ленаның (Рыбакина - ред.), Путинцеваның кесірінен біз лицензиядан айырылдық, қатыса алмадық.

(...) Міндеттемелер болды – бір алтын медаль. Бірақ халқымыздың, біздің, жанкүйерлердің үміті, әрине, ақталмады", - деді Маржықпаев.

Министр Олимпиадаға Қазақстанның атынан қатысуы керек болған теннисшілер жарыстан шығып қалғанын еске салды.

"Сіздерге дөрекілік танытпай сөйлеу қиын... Біз жағдай жасадық, кейбір турнирлерге қатыспауға кеңес бердік. Жоқ бұлар керек, үмітті ақтаймыз деді. Жақсы. Бірақ біз кәсіби мамандармыз ғой, спортшыларымызды және олардың жағдайын бақылауымыз керек.

Сіздердің федерацияларыңыз бізден ақша сұрамайтын жалғыз федерация екенін түсінемін. Бұл мақтауға тұрарлық нәрсе. Бірақ біздің елде әлі де болса патриотизм деген ұғым бар, оны ұмытпау керек. Мұнда ештеңеге қарамастан, дәрігерлер, физиологтар, нутрициологтар, командада тағы кім бар, барлығыңыз жұмылып, қатысуды қамтамасыз етулеріңіз керек еді.

"Ханчжоуға да (2023 жылғы Азия ойындары – ред. ескертпесі) қатыспағандарыңызды ұмытып кеткен шығарсыздар. "Олимпиада ойындарына дайындаламыз",- деді. Біз қатыспадық, Ханчжоуда сәтсіздікке ұшырадық, ең нашар нәтижеміз сонда болды. Жарайды, бұл да дұрыс, төрт жылдық басты бәсекесі де маңызды. Ақырында бәрі сәтсіз аяқталды. Теннисшілер ештеңе көрсетпеді", - деді Маржықпаев.

Еске салайық, министр Ермек Маржықпаев еркін күрес пен жеңіл атлетика құрамасын сынға алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2154742-kongilimiz-qaldy-sport-ministri-ermek-marzhyqpaev-tennis-federatsiiasyn-synga-aldy/