Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париждегі Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында тосын жағдай болды

Жарияланған күні:

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты
Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты. Фото: matchtv.ru

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында тосын жағдай орын алды. Ашылу салтанаты барысында халықаралық паралимпиадалық комитеттің (IPC) ресми туы толық ашылмай қалды, деп KAZ.NUR.KZ "Матч ТВ" арнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында Халықаралық Паралимпиадалық комитеттің ресми туы толық ашылмай қалды.
  • Ұйымдастырушылар Халықаралық Олимпиадалық комитеттің туын теріс іліп қойған.
  • Ашылу салтанаты "Келісім" алаңында өтіп, оны шамамен 50 мың адам тамашалады.

Дереккөздің мәліметінше, Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында ту тросқа оралып, толық ашылмай қалған. Шараның соңына дейін халықаралық паралимпиадалық комитеттің ресми туы дәл осылайша ашылмаған күйі тұрды.

Сондай-ақ ашылу салтанаты кезінде ұйымдастырушылар халықаралық олимпиадалық комитеттің (IOC) туын теріс іліп қойған.

Франция астанасы Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының Ашылу салтанаты қаланың орталығындағы "Келісім" алаңында өтті. "Салтанат" қақпасынан бастау алатын ұлттар шеруі де сол маңда болды. Бұл ауқымды шараны тамашалауға шамамен 50 мыңға жуық адам жиналған. Айта кетейік, Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2154999-parizhdegi-paralimpiada-oiyndarynyng-ashylu-saltanatynda-tosyn-zhagdai-boldy/