Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Месси – ергежейлі": Мбаппенің желідегі жазбалары жанкүйерлерді таңғалдырды

Жарияланған күні:

Килиан Мбаппе
Килиан Мбаппе. Фото: Emin Sansar/Anadolu via Getty Images

Футболдан Франция ұлттық құрамасы мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппенің Х желісіндегі ресми парақшасына хакерлер шабуыл жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Diario AS басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппенің X желісіндегі ресми парақшасына хакерлер шабуыл жасап, түрлі жазбалар қалдырған.
  • Хакерлер Мбаппенің атынан Криштиану Роналдуды "футбол тарихындағы ең ұлы футболшы" деп атап, ал Лионель Мессиді "ергежейлі" деп сипаттаған.
  • Сонымен қатар, хакерлер Мбаппенің "Манчестер Юнайтедке" жанкүйер екені және сол клубқа ауысатыны туралы жалған ақпарат таратқан.

28-нен 29 тамызға қараған түні Килиан Мбаппенің Х желісіндегі ресми парақшасына хакерлер шабуыл жасап, түрлі сипаттағы жазбалар қалдырған. Оның ішінде футбол командаларына қатысты түрлі пікірлер және Криштиану Роналду мен Лионель Месси арасындағы бәсекелестік туралы жазба жарияланды.

"Криштиану Роналду – футбол тарихындағы ең ұлы футболшы. Ал бұл ергежейліні (Лионель Месси) үздік ойыншы деп санамаймын", - делінген Мбаппенің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ хакерлер Мбаппенің "Манчестер Юнайтедке" жанкүйер екені және сол клубқа ауысатыны туралы және саясатқа қатысты бірнеше жазба жариялаған. Кейін бұл жазбалар парақшадан өшірілді.

Айта кетейік, Килиан Мбаппе шілдеде мадридтік "Реал" клубы сапына қосылған болатын. Ал бұған дейін ол "ПСЖ" клубында Лионель Мессимен бірге ойнаған, бірақ Криштиану Роналдуға деген ерекше ықыласын ешқашан жасырмаған. Биыл шілдеде Америка кубогының жеңімпазы атанғаннан кейін, аргентиналық футболшылар франциялық ойыншыларға қарсы расистік ұран айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2155017-messi-ergezheili-mbappening-zhelidegi-zhazbalary-zhankuierlerdi-tanggaldyrdy/