Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан құрамасы жарыс қожайындарын тізе бүктірді

Жарияланған күні:

Отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: instagram.com / kazparavolley

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындары аясында отырып ойнайтын волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Париждегі Паралимпиада ойындарында Қазақстанның отырып ойнайтын волейбол құрамасы Францияны 3:0 есебімен жеңді.
  • Қазақстан құрамасы сапынан ең көп ұпайды Ерік Қасқабаев жинады (14 ұпай).
  • Қазақстан А тобында Босния және Герцеговина құрамасымен бірге көш бастап, келесі ойынын 31 тамызда осы құрамаға қарсы өткізеді.

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындары аясында отырып ойнайтын волейболдан А тобында Қазақстанның ерлер құрамасы Франциямен кездесті. Қазақстан құрамасы 3:0 (25:7, 25:20, 25:7) есебімен франциялықтардан басым түсті.

Ойын 50 минутқа созылды. Бұл кездесуде Қазақстан құрамасы сапынан ең көп ұпайды Ерік Қасқабаев жинады (14 ұпай).

Қазақстан 3 ұпай еншілеп, А тобында Босния және Герцеговина құрамасымен бірге көш бастады. Босния және Герцеговина құрамасы бірінші кездесуде Мысырды 3:1 есебімен жеңді

А тобындағы келесі ойынды Қазақстан құрамасы 31 тамызда Босния және Герцеговинаға қарсы өткізеді. Ал Мысырға қарсы 2 қыркүйекте кездесу өткізеді.

Топтық кезеңнің нәтижесі бойынша үздік шыққан екі команда жартылай финалға жолдама алады.

Айта кетейік, 8 қыркүйекке дейін болатын Паралимпиада ойындарына қазақстандық 44 спортшы қатысады. Олар спорттың 9 түрінен, атап айтқанда, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара тхэквондо, отырып ойнайтын волейбол, пара оқ ату, пара үстел теннисі және пара дзюдодан 33 лицензия жеңіп алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2155066-otyryp-oinaityn-voleiboldan-qazaqstan-quramasy-algashqy-kezdesuinde-zhengiske-zhetti/