Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паралимпиада-2024: қазақстандық таеквондошы қола жүлде үшін жекпе-жек өткізді

Жарияланған күні:

Қазақстандық таеквондошы Камила Досмалова
Қазақстандық таеквондошы Камила Досмалова. Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық таеквондошы Камила Досмалова Париж Паралимпиадасында қола жүлде үшін жекпе-жек өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Пара таеквондоның K44 санаты бойынша 57 кг cалмақ дәрежесінде бақ сынаған Камила Досмалова бразилиялық Сильвана Фернандеспен кездесті. Бұл бәсекеде қазақстандық таеквондошы 28:3 есебімен жеңіліп, жүлде иелене алмады.

Айта кетейік, Досмалова Париж Паралимпиадасындағы алғашқы кездесуінде сербиялық спортшы Мария Мичевқа есе жіберген еді (0:5). Кейін қазақстандық таеквондошы жұбаныш жекпе-жегінде фиджилік Мар Иреннен 12:6 есебімен басым түсіп, қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған болатын.

32 жастағы Досмалова – Ханчжоуда (Қытай) өткен Пара Азия ойындарының күміс медаль иегері, Азия, әлем және Еуропа чемпионатының жеңімпазы, гран-при сайыстарының бірнеше дүркін жүлдегері. Ол осымен екінші рет Паралимпиадаға қатысты. Камила 2021 жылы Токиода жүлде иелене алмаған еді.

Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Байрақты бәсекеге қазақстандық 44 спортшы аттанған болатын. Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алып, ел Паралимпиадасы тарихындағы рекордтық нәтижеге қол жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2155405-paralimpiada-2024-qazaqstandyq-taekvondoshy-qola-zhuldege-talasty/