Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алғашқы медаль түсті: Еркін Ғаббасов Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Жарияланған күні:

Еркін Ғаббасов
Еркін Ғаббасов. Фото: Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлық орталығы

Парижде өтіп жатқан Паралимпия ойындарында ел қоржынына алғашқы медаль түсті. Нысана көздеуден ел намысын қорғаған Еркін Ғаббасов күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

R1 санатында винтовкамен 10 метрге пара оқ атудан сынға түскен Еркін Ғаббасов күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстандық спортшы финалда 227.3 бал жинап, жалпы есепте екінші орынды еншіледі.

Бұл Парижде өтіп жатқан Паралимпия ойындарындағы Қазақстан құрамасының алғашқы медалі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2155518-algashqy-medal-tusti-erkin-gabbasov-paralimpiiadanyng-kumis-zhuldegeri-atandy/