Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паралимпиада-2024: бүгін қай спортшыларымыз жарыс жолына шығады

Жарияланған күні:

Отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: instagram.com / kazparavolley

Парижде өтіп жатқан ойындарда бүгін бір ғана спортшымыз жарыс жолына шығады. Отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға шығу үшін күш сынасады.

Матчтың басталу уақыты Астана уақытымен көрсетілген.

15:00. Отырып ойнайтын волейбол. Ерлер, алдын ала раунд, А тобы. Үшінші тур.

Қазақстан – Мысыр

Босния мен Герцеговина екі турдан кейін максималды алты ұпай жинап, жартылай финалға жолдама алды. Мысыр мен Қазақстанда үш ұпайдан бар: қос құрама кездесуіінң жеңімпазы плей-офф кезеңіне өтеді, жеңілгені бесінші орын үшін таласады.

В тобынан Германия мен Иран жартылай финалға ерте жолдама алды. А квартетінде өнер көрсететін Украина мен Бразилия, сондай-ақ Франция құрамалары жарыс жолынан шығып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2155834-paralimpiada-2024-bugin-qai-sportshylarymyz-zharys-zholyna-shygady/