Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақша сөйлей аламын": Максим Самородов қазақ тілінде еркін тілдесе алатынын айтты

Жарияланған күні:

Максим Самородов
Максим Самородов. Фото: youtube.com/@BorodAbata

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Максим Самородов YouTube желісіндегі BorodAbata арнасына берген сұқбатында қазақша сөйлей алатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Максим Самородов қазақ тілінде еркін түсіне алатынын, бірақ сөйлеуге келгенде қиналатынын айтты.
  • Самородов BorodAbata YouTube арнасына берген сұхбатында: "Мен қазақша түсіне аламын, бірақ өз ойымды жеткізе алмаймын" деп мәлімдеді.
  • Футболшы қазақ тілін 100% түсінетінін, бірақ дұрыс сөйлей алмау қорқынышы бар екенін жеткізді.

"Мен қазақша сөйлей аламын, түсінемін, бірақ жақсы сөйлей алмаймын", - деді Максим Самородов.

Кейін футболшы қазақша толыққанды түсіне алатынын, бірақ сөйлеуге келгенде қысылатынын орыс тілінде жеткізді.

"Мен қазақша түсіне аламын, бірақ өз ойымды жеткізе алмаймын. Бәлкім мен сөйлей алатын шығармын, бірақ мен бір нәрсені дұрыс айта алмай қаламын деп қысыламын. Бірақ қазақша 100 пайыз түсінемін", - деді футболшы.

Айта кетейік, тамыз айының басында Максим Самородов ресейлік "Ахмат" клубына ауысқан болатын. "Ахмат" клубымен келісімшарт 2028 жылдың 30 маусымына дейін деп белгіленген. Қазіргі уақытта қазақстандық футболшы ресейлік клуб сапында екі ойын өткізіп үлгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2155870-qazaqsha-soilei-alamyn-maksim-samorodov-qazaq-tilinde-erkin-tildese-alatynyn-aitty/