Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Ермек Маржықпаевтың неліктен қызметінен босатылғанын айтты

Жарияланған күні:

Депутат Айдос Сарым
Депутат Айдос Сарым. Фото: primeminister.kz

AMANAT фракциясының мүшесі, мәжіліс депутаты Айдос Сарым Ермек Маржықпаевтың туризм және спорт министрі қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ермек Маржықпаев 31 тамызда мемлекет басшысының жарлығымен Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылған еді.

"Саладағы проблемаларға қатысты саяси жауапкершілік болады. Менің ойымша Маржықпаев мырза да біліп, түсінген сияқты. Олимпиада алдында, өзге спорттық іс-шаралар алдында өзіне міндеттемелерді алады ғой. Егер оны орындамаса, мемлекеттік қызметтен кету әлемде бар тәжірибе. Ешкім ешкімді бір қызметке баруын міндеттемейді. Ал қызметке барған соң істеуі міндет. Қазақстанға бүкіл әлем көз тігіп отыр. Қордаланған мәселелер болды. Министрлерді жұмыстан босату президенттің шешіміне қатысты болады", - деді Айдос Сарым.

Cонымен бірге мәжіліс депутаты Париж Олимпиадасында жұдырықтасқан қазақстандық боксшылар туралы айтты.

"Біздің спортшылардың мықты екені рас. Менің ойымша Париж олимпиадасындағы бокста тактикалық дайындықтар жетпей, бас штабтың қателіктері болды деп ойлаймын", - деді депутат.

Еске салайық, Ермек Маржықпаев министр қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2156035-mazhilis-deputaty-ermek-marzhyqpaevtyng-nelikten-qyzmetinen-bosatylganyn-aitty/