Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасы медаль кестесінде нешінші орында тұр

Жарияланған күні:

Еркін Ғаббасов
Еркін Ғаббасов. Фото: Andy Lyons/Getty Images

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы медаль кестесінде алғашқы елу мемлекеттің қатарынан шығып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Франция астанасы Парижде жазғы Паралимпиада ойындары өтуде.
  • Қазақстан құрамасы медаль кестесінде алғашқы елу мемлекеттің қатарынан шығып қалды.
  • Бұл ақпарат KAZ.NUR.KZ тілшісі арқылы хабарланды.

Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында Қытай мемлекеті жеке дара көш бастап келеді. Қытай спортшылары 34 алтын, 28 күміс, 12 қола еншіледі. Ал Ұлыбритания 23 алтын, 12 күміс, 8 қола иеленіп, тізімнің екінші сатысына жайғасты. АҚШ спортшылары 8 алтын, 12 күміс, 8 қола медальмен үшінші орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы бұл Паралимпиада ойындарында 1 күміс еншілеп, қазір 53-орынға жайғасты. R1 санатында винтовкамен 10 метрге пара оқ атудан сынға түскен Еркін Ғаббасов күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Айта кетейік, Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындары 8 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бүгін, 2 қыркүйекте отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға шығу үшін күш сынасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2156103-paralimpiada-2024-qazaqstan-quramasy-medal-kestesinde-neshinshi-orynda-tur/