Отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Паралимпиадасында Мысыр командасына қарсы матч өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Төрт сетке созылған ойында Мысыр құрамасы 3:1 есебімен (25:21, 25:23, 16:25, 25:18) жеңіске жетті. Осылайша, мысырлықтар 6 ұпаймен жартылай финалға шықты. Ал Қазақстан командасы 4 қыркүйекте бесінші орын үшін ойын өткізеді.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы Париж Паралимпиадасындағы алғашқы ойында Францияны 0:3 есебімен жеңсе, кейін Босния және Герцеговинадан 2:3 есебімен жеңіліп қалған еді.
Әзірге Қазақстан қоржынында Паралимпиаданың бір жүлдесі бар. R1 санатында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов финалға шығып, күміс медаль иеленген еді.
Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Байрақты бәсекеге қазақстандық 44 спортшы аттанған болатын. Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алып, ел Паралимпиадасы тарихындағы рекордтық нәтижеге қол жеткізген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2156163-otyryp-oinaityn-voleiboldan-qazaqstan-quramasy-paralimpiadanyng-plei-off-kezengine-shyga-almady/