Нысана көздеуден Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Ле Sport+ Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі барысында Александра Ле "Құрмет" орденімен марапатталған еді. Кейін ол көпшілік алдында сөз сөйледі. Спортшы президентпен аздап әңгімелесіп те үлгерген.
"Мен сөзімді аяқтағаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев мені тоқтатып, сөйлесті. Ол Олимпиада кезінде біздің өнерімізді эфирден көрген екен. Мемлекет басшысы менің қабілетім бар екенін айтты", - деді Александра Ле.
Сондай-ақ спортшы Ислам Сәтбаевпен қалай дуэт болғанын айтып берді.
"Бізде бақылау атысы өтті, оның қорытындысы бойынша жаттықтырушылар үздік спортшыларды іріктеп алды. Қыздар арасында мен ең жақсы нәтижеге қол жеткіздім, жігіттер арасында Ислам жақсы нәтиже көрсетті. Біздің спорт түрінде жұптық жарыстарда сіз серіктесіңізге нысанаға дөп тигізуге көмектесе алмайсыз. Біз дәл атуымыз керек, атыс кезінде бір-бірімізге сенеміз", - деді Олимпиада жүлдегері.
Айта кетейік, Александра Ле мен Ислам Сәтбаев Париж Олимпиадасында 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында бақ сынап, қола жүлде жеңіп алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2156199-olimpiada-zhuldegeri-aleksandra-le-aqordada-prezidentpen-ne-zhaily-soileskenin-aitty/