jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Паралимпиада ойындары: бүгін қай спортшыларымыз жарыс жолына шығады

    Зүлфия Ғабдуллина
    Зүлфия Ғабдуллина. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Сәрсенбіде үш қазақстандық спортшы Парижде өтетіп жатқан Паралимпиада ойындарында жүлделі орындарды сарапқа салады. Астана уақытына сәйкес отандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынамыз.

    13:40. Пара жүзу. Әйелдер, 50 метрге брасс әдісімен жүзу.

    Зульфия Ғабидуллина

    20:00. Пара пауэрлифтинг.

    Әйелдер, 45 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде. Финал.

    Тұрсынай Қабыл

    21:34. Пара пауэрлифтинг.

    Ерлер, 54 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде. Финал.

    Давид Дегтярев

    22:10. Пара жеңіл атлетика. Ерлер арасында ядро ​​лақтыру. Финал.

    Дастан Мұқашбеков

    23:00. Отырып ойнайтын волейбол. Ерлер, 5-6 орын үшін матч

    Қазақстан – Бразилия

    Айта кетейік, 3 қыркүйекте пара жүзуден Қазақстан құрамасының спортшылары Нұрдәулет Жұмағали мен Сиязбек Далиев Париж Паралимпиадасының финалына шыға алмады.

    Нұрдәулет Жұмағали кешенді стильмен 200 метр қашықтыққа жүзуден сынға түсті. Ол көру қабілеті нашар спортшылар арасында S12/S13 санатында бақ сынады. Қазақстандық спортшы белгіленген межені 2 минут 20,31 секундта бағындырып, іріктеуде оныншы орынға ие болды. Финалға үздік нәтиже көрсеткен сегіз спортшы шықты.

    S5 класындағы 50 метрге шалқалап жүзу бойынша іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен Сиязбек Далиев 40.14 секунд нәтижесімен финалға өте алмады. Енді ол 6 қыркүйекте 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде бақ сынайды.

    Паралимпиада ойындары: бүгін қай спортшыларымыз жарыс жолына шығады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.