Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев YouTube желісіндегі NAIZATV арнасына сұқбат берді. Сұқбат барысында ол Олимпиададағы жетістігінен кейін қанша қаражат тапқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
- Ғұсман Қырғызбаев Олимпиададан кейін тапқан табысы 1 миллион долларға жақындағанын айтты, шамамен 300 миллион теңге алған.
- Жеке бапкері Ермек Насиев Олимпиада алдында Ғұсманға әлеуметтік желіні өшіруді талап еткен.
- Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында дзюдодан 66 кг салмақ дәрежесінде қола жүлде иеленген.
"Олимпиададан кейін алған сыйлықтарымның бағасы 1 миллион долларға жақындап қалған сияқты. Толмады, бірақ жақындады. 300 миллион теңге деп айта аламын. Енді қазір алған жоқпыз ғой, шамамен соған жақындайтын сияқты деп тұрмын", - деді Ғұсман Қырғызбаев.
Сондай-ақ жеке бапкері Ермек Насиев Олимпиада алдында Ғұсманға әлеуметтік желіні өшір деп талап қойыпты.
"Екеуміз әлем чемпионатынан кейін отырып сөйлескенімізде әлеуметтік желіні өшір дедім. Олимпиадада нәтижеге жетіп жатсақ, әлеуметтік желіні құрметпен қосасың. Ұғатын адам ұғады. Әлеуметтік желіде көп отырған соң, уақытымыз бұзылады. Сондықтан әлеуметтік желіден демалу керек. Телефон демалса, ми істей бастайды. Кітап оқу да сол кезде басталады", - деді Ермек Насиев.
Айта кетейік, дзюдодан ерлер арасында 66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың қола жүлдесін еншілеген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2156980-300-million-tenggege-zhuyq-gusman-qyrgyzbaev-olimpiadadan-keiin-tapqan-tabysyn-aitty/