Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сиырға обал болды": астаналық спорт мектебі ерекше шақыртумен көпшілікті күлкіге қарқ қылды (видео)

Жарияланған күні:

Астана қаласы әкімдігінің №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шақыруы
Астана қаласы әкімдігінің №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шақыруы. Скриншот: instagram.com / sport_mektep7

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түсірген видеосы желі қолданушыларын күлкіге қарқ қылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі құлап бара жатқан сиырдың бейнесі бар видео жариялады.
  • Видеода "Сиыр құласа да, спортшыларымыз биіктен көріне білсін!" деген жазу көрсетілген.
  • Бұл видео әлеуметтік желі қолданушылары арасында күлкі тудырып, әртүрлі пікірлер қалдырылды.

Астана қаласы әкімдігінің №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі Instagram желісіндегі ресми парақшасына 8 қыркүйекте басталатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақыру видеосын жариялады. Кейін бұл видеоны Астана қаласының әкімдігі де әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.

"Сиыр құласа да, спортшыларымыз биіктен көріне білсін! V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 5 күн қалды", - деп жазды Астана қаласы әкімдігінің №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі.

Аталмыш видеоға әзіл аралас пікір жазған оқырмандар да бар.

"Недеген жарнама", "Сиырға обал", "Креативке сөз жоқ", - деді желі қолданушылары.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2157033-siyrga-obal-boldy-astanalyq-sport-mektebi-erekshe-shaqyrtumen-kopshilikti-kulkige-qarq-qyldy-video/