Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлына деген мейірімі төгіліп тұр": Паралимпиада жүлдегері Ғаббасовты күтіп алған анасының видеосы елді тәнті етті

Жарияланған күні:

Еркін Ғаббасов пен оның анасы
Еркін Ғаббасов пен оның анасы. Скриншот: instagram.com/qazaqstantv

Кеше, 3 қыркүйекте Париж Паралимпиадасының күміс жүлдегері Еркін Ғаббасов елге оралған еді. Спортшыны Астана әуежайында күтіп алғандардың арасында оның анасы Күлтай Ғаббасова да болды. Ұлын құшақ жая қарсы алған анасының видеосы көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еркін Ғаббасовты анасы күтіп алған сәттің видеосы Qazaqstan телеарнасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Желі қолданушылары анасының ұлына деген ерекше мейіріміне тәнті болғанын жазып жатыр.

"Қандай әдемі көрініс. Анасының үстіндегі қазақы оюмен өрнектелген сырт киімі, ақ жаулығы өзіне жарасып тұр. Жүзінен ұлына деген мейірімі төгілген ана екен, керемет", "Анасы қандай бақытты баласының жетістікке жеткенін көрген. Үлгі тұтар әке, тірекші жұбайы бақытты отбасы болыңдар", "Қандай тамаша көрініс, қаншама еңбек. Жарайсың біздің батырымыз", "Баласының да, анасының да жүзінен мейірім төгіліп тұр екен", - деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, Еркін Ғаббасов Париж Паралимпиадасында R1 санатында винтовкамен 10 метрге пара оқ атудан сынға түсіп, күміс жүлде жеңіп алды. Бұл – биылғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына түскен алғашқы және әзірге жалғыз медаль.

8 қыркүйекке дейін жалғасатын Паралимпиадаға Қазақстаннан 44 спортшы аттанған еді. Бүгін, 4 қыркүйекте 3 спортшымыз жүлдеге таласады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2157051-ulyna-degen-meiirimi-togilip-tur-paralimpiada-zhuldegeri-gabbasovty-kutip-algan-anasynyng-videosy-eldi-tanti-etti/