Бейсенбіде алты қазақстандық параспортшы Парижде өтетін Паралимпиада-2024 ойындарында өнер көрсетеді. NUR.KZ Астана уақытымен олардың қатысуымен өтетін жарыстар кестесін ұсынады.
13:00. Пара жүзу.
Ерлер, 100 метрге брасс әдісімен жүзу. Біліктілік.
Әмір Мұратбеков
Ерлер 100 метрге брасс әдісімен жүзу. Біліктілік.
Нұрдәулет Жұмағали
13:00. Пара дзюдо.
Әйелдер, 57 кг дейін.
Әлфия Тілекқабыл
Әйелдер, 48 кг дейін.
Ақмарал Науатбек
16:35. Пара пауэрлифтинг. Ерлер, 59 кг дейін салмақта. Финал.
Станислав Шакиев
23:40. Пара жеңіл атлетика. Ерлер ядро лақтыру. Финал.
Еламан Жоламан
Айта кетейік, пара пауэрлифтингтен қазақстандық спортшы Давид Дегтярев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Финалдық кезеңде қазақстандық спортшы 188 кг салмақты еңсерді. Давид Дегтярев 2020 жылғы Токио Олимпиадасында осы санатта жеңімпаз атанған болатын.
Осы жарыс күнінде пара жеңіл атлетикадан сынға түскен Дастан Мұқашбеков 16 метр көрсеткішті тіркеп, Азия рекордын жаңартып, Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Дастан Мұқашбеков 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында 15,74 см көрсеткішті тіркеп, чемпион атанған болатын.
Бұған дейін Парижде өтіп жатқан Паралимпиадада пара оқ атудан Еркін Ғаббасов ел қоржынына күміс жүлде салған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2157385-paralimpiada-2024-bugin-qai-sportshylarymyz-el-namysyn-qorgaidy/