Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Чемпион боламын деп мақсат қойды": Давид Дегтяревтің анасы қуанышын бөлісті

Жарияланған күні:

Давид Дегтярев
Давид Дегтярев. Фото: t.me/mediaparis2024

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанған Давид Дегтяревтің анасы Ирэна қуанышын бөлісіп, ұлының жеңіске жететініне сенім білдіргенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Париж Паралимпиадасының чемпионы Давид Дегтяревтің анасы Ирэна ұлының жеңісі туралы айтты, оның мақсатына жеткенін атап өтті.
  • "Ұлымның жеңісін қысқаша айтсам, ол Паралимпиада чемпионы боламын деп мақсат қойды, сол мақсатына жетті", - деді Ирэна.
  • Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Париж Паралимпиадасында екінші рет алтын медаль жеңіп алды.

"Ұлымның жеңісін қысқаша айтсам, ол Паралимпиада чемпионы боламын деп мақсат қойды, сол мақсатына жетті. Жарысқа аттанар алдында қандай медаль екенін айтқан жоқ, бірақ жүлдесіз келмеймін деді, сол сөзінде тұрды. Мен оған әрине, сендім. Өйткені оның айтқан сөзінде тұратын қайсар мінезі бар. Жеңісіне бүкіл отбасымызбен қуандық. Телеарналардан трансляция болмаған соң, әлеуметтік желіден қарап, жанкүйерлік таныттық. Ол жеңіске жеткен соң бірден маған хабарласып қуанышымен бөлісті", - деді спортшының анасы Ирэна.

Айта кетейік, Давид Дегтярев – пара пауэрлифтингтен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, "Құрмет" орденінің иегері. Ол бапкері Юрий Колесниковтің қол астында жаттығады.

Давид Дегтяревтің спорттық мансабы 8 жыл бұрын басталған. 2020 жылғы Токиодағы жазғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы алтын жүлде жеңіп алған еді. Париждегі додада да ол топ жарып, Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2157454-chempion-bolamyn-dep-maqsat-qoidy-david-degtiarevting-anasy-quanyshyn-bolisti/