Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз жігіт, сөзінде тұрды": марапаттау рәсіміне шапан киіп шыққан Дастан Мұқашбеков көпшілікті сүйсінтті

Жарияланған күні:

Дастан Мұқашбеков
Дастан Мұқашбеков. Фото: instagram.com / csp_parasport.kz

Кеше, 4 қыркүйекте Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында Дастан Мұқашбеков қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық спортшы марапаттау рәсімінде ұлттық шапанымызды киіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Паралимпиадада қола жүлде алған Дастан Мұқашбеков марапаттау рәсіміне ұлттық шапан киіп шықты.
  • Спортшы жеңіс тұғырына көтерілгеннен кейін көк туды желбіретіп, аренаны айналып өтті.
  • Әлеуметтік желіде Мұқашбековтің бұрын берген уәдесін орындағаны туралы видео жарияланып, көпшіліктің қолдауына ие болды.

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында ерлер арасында ядро лақтырудан F36 санаты бойынша финалдық кезеңде сынға түскен Дастан Мұқашбеков қола медаль жеңіп алған болатын.

Ол жеңіс тұғырына ұлттық шапанымызды киіп көтерілді. Марапаттау рәсімінен кейін ол көк туымызды желбіретіп, аренаны айналып жүріп өтті.

Дастан Мұқашбековтің осы жеңісінен кейін Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы Instagram желісіндегі ресми парақшасына қазақстандық спортшының видеосын жариялады.

"Паралимпиада қалашығын көрермендерімізге таныстыру видеосында Дастан Мұқашбеков бөлмесіндегі шапанын көрсетіп: “Жеңіп, осы шапанды амандық болса киіп шығамын” деген болатын. Міне нағыз жігіт! Сөзінде тұрды", - деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Сонымен бірге бұл видеоға пікір білдіріп, өзінің лебізін жеткізіп жатқан жандардың санында есеп жоқ.

"Нағыз жүрегінде оты бар қазақтың батыр жігіті", "Жеңіс үшін рақмет, чемпион", "Нағыз патриот, елім, жерім деген қазақтың батыр жігіті", "Жарайсың", "Нағыз батыр", "Қазақтың атын шығардың".

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының медаль кестесінде 46-орынға жайғасқан. Ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2157508-nagyz-zhigit-sozinde-turdy-marapattau-rasimine-shapan-kiip-shyqqan-dastan-muqashbekov-kopshilikti-suisintti/