Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паралимпиада алтынын жеңген қазақстандық спортшы қанша сыйақы алады

Жарияланған күні:

Давид Дегтярев
Давид Дегтярев. Фото: FRANCK FIFE/AFP via Getty Images

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанған Давид Дегтярев осы жетістігі үшін мемлекет тарапынан сыйақы алады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алды.
  • Дегтярев 188 кг салмақты еңсеріп, екінші рет Паралимпиада чемпионы атанды.
  • Бұл жеңісі үшін Давид Дегтярев мемлекет тарапынан 250 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.

Пара пауэрлифтингтен 54 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанған еді. Ол 188 кг салмақты еңсеріп, Паралимпиада ойындарында екінші мәрте топ жарды. Ол 2020 жылғы Токиодағы жазғы Паралимпиада ойындарында осы санатта чемпион атанған болатын.

Бұл жеңісі үшін Давид Дегтярев мемлекет тарапынан 250 000 АҚШ доллары көлемінде қаржылай сыйақы алады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрмасы Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында үш медальге қол жеткізді: бір алтын, бір күміс және бір қола. Пара оқ атудан Еркін Ғаббасов күміс медаль, ядро лақтырудан Дастан Мұқашбеков қола медаль, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2157558-paralimpiada-altynyn-zhenggen-qazaqstandyq-sportshy-qansha-syiaqy-alady/