Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы Паралимпиаданың алтын жүлдесіне бір табан жақын қалды

Жарияланған күні:

Әмір Мұратбеков
Әмір Мұратбеков. Фото: instagram.com / turizm_sport_ministrligi

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық жүзгіш Әмір Мұратбеков финалдық кезеңге жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қазақстандық жүзгіш Әмір Мұратбеков Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден финалға шықты.
  • Ол SB11 санатында іріктеу сайысында 1:21:66 секунд нәтижесін көрсетті.
  • Финалдық жарыс 5 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.

Франция астанасы Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында Әмір Мұратбеков 100 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. SB11 санатында өткен іріктеу сайысында қазақстандық жүзгіш 1:21:66 секунд нәтижесін тіркеді. Әмір Мұратбековтің бұл көрсеткіші оған финалдық кезеңге шығуға мүмкіндік берді.

Финалдық бәсеке бүгін, 5 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.

Айта кетейік, Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында SB3 санаты бойынша бұған дейін сынға түскен қазақстандық жүзгіш Зульфия Габидуллина финалға өте алмаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2157654-qazaqstandyq-sportshy-paralimpiadanyng-altyn-zhuldesine-bir-taban-zhaqyn-qaldy/