ОКҚ өткен брифингте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев жарысты қалай көруге болатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Наурыз айының соңында Көшпенділер ойындары аясындағы жарыстарға билеттер сатыла бастады. Ересектер үшін құны 1 мыңнан 15 мың теңгеге дейін барды. Билеттердің орташа құны – 3600 теңге. Оқушыларға, зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жеңілдіктер тек ойындарға қарастырылған. Екі күн бұрын ашылу салтанатына билеттер сатылып кетті", - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте өтеді.
Бұған 89 мемлекет қатысады. Қазақстан құрамасы сапында 261 спортшы өнер көрсетеді.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы жүлде қоры – 250 миллион теңге.
Еске салсақ, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуіне орай Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүкіл ел бойынша қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшкенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2157765-astanada-otetin-koshpendiler-oiyndarynyng-biletteri-qansha-turady/