Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Риода алтын медаль иеленген Зульфия Габидуллина Париж Паралимпиадасының финалына шықты

Жарияланған күні:

Зульфия Габидуллина
Зульфия Габидуллина. Фото: BOB MARTIN FOR OIS/IOC/AFP via Getty Images

Қазақстандық Зульфия Габидуллина Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиадада S4 санатында 50 метрге еркін әдіспен жүзуден финалға жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қазақстандық паралимпиадашы Зульфия Габидуллина Париждегі жазғы Паралимпиадада S4 санатында 50 метрге еркін әдіспен жүзуден финалға өтті.
  • Габидуллина 50 метр қашықтықты 42,85 секундта жүзіп өтіп, жалпы есепте жетінші орынға ие болды.
  • Финалдық жарыс 6 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 23:00-де өтеді.

Зульфия Габидуллина 50 метр қашықтықты 42,85 секундта бағындырып, жалпы кестеде жетінші орынға ие болды. Осылайша, үздік сегіздікке еніп, финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Финалдық сайыс бүгін, 6 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 23:00-де өтеді.

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында Зульфия Габидуллина бұған дейін 150 метрге кешенді жүзуден және 50 метрге брасс әдісімен жүзуден бақ сынап, 10-орын алған болатын.

58 жастағы Зульфия Габидуллина – Париждегі Паралимпиада ойындарында сынға түсіп жатқан қазақстандық спортшылардың ішіндегі ең жасы үлкені.

Айта кетейік, ол 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы жазғы Паралимпиадада топ жарып, Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтынды жеңіп алаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2158249-rioda-altyn-medal-ielengen-zulfiia-gabidullina-parizh-paralimpiadasynyng-finalyna-shyqty/