Көшпенділер ойындары: көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды айқын басымдықпен жеңді
Опубликовано:
Көкпардан Қазақстан құрамасы Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының іріктеу кезеңінде Өзбекстан командасын ірі есеппен жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Қазанат" ипподромында өткен бәсекеде Қазақстан құрамасы 16:0 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы көкпар жарысына 9 мемлекеттен 104 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан мен Өзбекстаннан бөлек АҚШ, Ресей, Қырғызстан, Мажарстан, Қытай, Моңғолия және Түркия мемлекетінің құрамалары өзара мықтыны анықтайды.
13 қыркүйекке дейін жалғасатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2430 қатысушы тіркелген. Бұл додаға Қазақстан құрамасынан 261 спортшы қатысады. Көшпенділер ойындарында 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2159004-koshpendiler-oiyndary-kokpardan-qazaqstan-quramasy-ozbekstandy-aiqyn-basymdyqpen-zhengdi/