Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық садақшылар Көшпенділер ойындарында үш медаль жеңіп алды

Жарияланған күні:

Жәнібек Құлмырзаев
Жәнібек Құлмырзаев. Фото: instagram.com/sadaq_atu

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудан Қазақстан құрамасы екі қола, бір алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 9 қыркүйекте cадақшылар "Пута" нысанасы бойынша (ерлер – 70 метр, әйелдер – 60 метр) өзара мықтыны анықтады. "Арғымақ" ат-спорт кешенінде өткен бәсекеде Қазақстан қоржынына үш жүлде түсті. Қанат Қасымхан мен Айкөркем Батихан қола жүлдегер атанса, Жәнібек Құлмырзаев алтын медаль иеленді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені аударыспақшы Ермек Құралбай салған еді. 60 кг салмақта сынға түскен Ермек финалда Қырғызстан спортшысын жеңіп, алтын медаль иеленді.

Айта кетейік, 13 қыркүйекке дейін жалғасатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2430 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 261 спортшы қорғайды. Көшпенділер ойындарында 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2159208-qazaqstandyq-sadaqshylar-koshpendiler-oiyndarynda-ush-medal-zhengip-aldy/