jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Алғашқы жүлде ел қоржынында: қазақстандық спортшы аударыспақтан көшпенділер ойындарының чемпионы атанды

    Аударыспақ спорты
    Аударыспақ спорты. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    60 кг салмақта сынға түскен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Ермек Құралбай алтын медальға ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында аударыспақтан Қазақстан құрамасының мүшесі Ермек Құралбай финалда Қырғызстан спортшысын жеңді.

    "Жақсы дайындықпен келдім. Финалдағы қарсыласым – былтыр ат үстіндегі күрестен 60 кг салмақта чемпион болған қырғыз палуаны. Ел намысын қорғап, бірінші орын аламыз деп үміттенген едім. Сенімді ақтағаныма қуаныштымын", - деді Ермек Құралбай.

    Айта кетейік, "Қазанат" ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен 64 спортшы тіркелді.

    10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.

    Алғашқы жүлде ел қоржынында: қазақстандық спортшы аударыспақтан көшпенділер ойындарының чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.