jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қырғызстандық көкпаршылар Түркия командасын ойсырата жеңіп, финалға шықты

    Көкпардан Түркия құрамасы
    Көкпардан Түркия құрамасы. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

    Көкпардан Қырғызстан ұлттық құрамасы Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Түркия командасын жеңіп, финалға өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қырғыз көкпаршылары екі кезеңде де басымдық танытып, 15:1 есебімен жеңіске жетті.

    Осыған дейін Қазақстан құрамасы АҚШ командасынан 12:4 есебімен басым түскен еді.

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы көкпар жарысына 9 мемлекеттен 104 спортшы тіркелген еді. Оның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Ресей, Қырғызстан, Мажарстан, Қытай, Моңғолия және Түркия мемлекетінің құрамалары бар.

    13 қыркүйекке дейін жалғасатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2430 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеде 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

    Қазір Қазақстан 14 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдемен медаль кестесінде көш бастап тұр. Екінші орынға Қырғызстан (3-7-4), үшінші орынға Ресей (3-2-5) жайғасқан.

    Қырғызстандық көкпаршылар Түркия командасын ойсырата жеңіп, финалға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.