Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қай елде өтетіні белгілі болды (видео)

Жарияланған күні:

Қазақстан және Өзбекстан құрамалары арасындағы көкпар
Қазақстан және Өзбекстан құрамалары арасындағы көкпар. Скриншот: qazsporttv.kz/kz/live

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2026 жылы Қырғызстанда өтеді. Бұл туралы елдің мәдениет, мағлұмат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Максутов хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынбек Максутовтың мәлімдемесі Қырғызстан Мәдениет, мағлұмат, спорт және жастар саясаты министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланды.

"Құрметті қырғызстандықтар! Барлығыңызды V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылуы салтанатымен және бүгін өтіп жатқан спорт ойындарымен шын жүректен құттықтағым келеді. Біздің Қырғызстаннан келген спортшылар өте жоғары деңгейдегі көрсеткіштер көрсетіп жатыр.

Сіздерге жақсы жаңалығымыз бар. Қырғызстаннан шыққан Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2026 жылы өз мекені Қырғызстанда өтетін болды. Мәдениет, мағлұмат, спорт және жастар саясаты министрлігінің және өз атымнан сіздерді құттықтаймын", - деді ол.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны биыл Қазақстанда өтіп жатыр. Қазақстан әзірге жалпы жүлде қоры бойынша бірінші орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2159814-vi-duniezhuzilik-koshpendiler-oiyny-qai-elde-otetini-belgili-boldy-video/