Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы ғарышқа ұшырылды

Жарияланған күні:

Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы ғарышқа ұшырылды
Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы ғарышқа ұшырылды. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақ ұлттық ойынының тақтасы ғарышқа ұшырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 9 қыркүйекте сағат 09:09-да V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар басталды. Қатысушылардың бірінші жүрісі 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9-ұядан басталып, есептеу жылдамдығымен сайысқа түсті.

"Ерекше айта кететін маңызды жаңалық – тоғызқұмалақ тақтасының ғарыш кеңістігіне шығуы. Ресей ғарыш агенттігімен арадағы келісім негізінде ішінде тастары бар тақта алғаш рет Көшпенділер ойындары аясында стратосфера қабатына шығып, қайтадан жерге жеткізілді. Бұл іс-шара үстел ойындарының жанкүйерлері үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды жаңалық. Өйткені тоғызқұмалақ – ғарышта болған жалғыз үстел ойыны", - делінген министрліктің хабарламасында.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы тоғызқұмалақ турнирінде 41 елден, оның ішінде Колумбия, Бангладеш, Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Латвия, Африка және араб елдерінен келген 114 қатысушы бақ сынайды.

Айта кетейік, Көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Дүбірлі додаға әлемнің 89 елінен 2430 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеде 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2159820-togyzqumalaq-oiynynyng-taqtasy-garyshqa-ushyryldy-video/