Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшпенділер ойындары: көкпардан Қазақстан құрамасы финалда Қырғызстаннан жеңісті жұлып алды

Жарияланған күні:

Көкпардан Қазақстан құрамасы
Көкпардан Қазақстан құрамасы. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

Бүгін, 12 қыркүйекте көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалында кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ақтық бәсекенің бірінші кезеңі 1:3 есебімен қырғыз көкпаршыларының пайдасына шешілген еді. Бірақ екінші кезеңде есеп теңесті (4:4). Ал қосымша уақытта Қазақстан құрамасы бірінші болып салым салып, жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан қоржынына 28-алтын медаль түсті. Ал Қырғызстан командасы күміс жүлде иеленді.

Айта кетейік, көкпар жарысынан қола жүлдені Ресей құрамасы жеңіп алды. Ресейліктер үшінші орынға таласта Түркия командасын 8:2 есебімен жеңді.

Бүгін, 12 қыркүйекте көк бөріден Қазақстан және Қырғызстан командалары Көшпенділер ойындарының алтынына таласады. Финалдық бәсеке сағат 16:30-да басталады.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Қатысушылар ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек, садақ ату және халық ойындары сияқты 21 спорт түрінен бақ сынап жатыр. Барлығы 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2160525-qazaq-qyrgyz-kokpary-zhengimpaz-qosymsha-uaqytta-anyqtaldy/