Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғыз көкпаршылары марапаттау рәсімінде Қазақстан әнұраны орындалмай жатып кетіп қалды

Жарияланған күні:

Көкпардан Қырғызстан құрамасы
Көкпардан Қырғызстан құрамасы. Фото: KAZ.NUR.KZ/ Ахмет Қамшыбек

Бүгін, 12 қыркүйекте көкпардан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалында Қазақстан құрамасы Қырғызстанды жеңді. Марапаттау рәсімінде қырғыз көкпаршылары Қазақстан әнұраны орындалмай жатып тұғырдан түсіп, кетіп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Финалда Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасынан 5:4 есебімен басым түсіп, алтын медаль жеңіп алған еді. Ал қырғыз спортшылары күміс жүлде еншіледі.

Марапаттау рәсімінде Қырғызстан спортшылары мойнына тағылған медальді шешіп тастады. Кейін олар Қазақстан әнұраны шырқалмай жатып кетіп қалды.

Айта кетейік, бүгін қырғыз халқының ұлттық спорты көк бөріден де финалдық бәсеке өтеді. Ақтық сында тағы Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездеседі. Бұл ойын сағат 16:30-да басталады.

Қазір Көшпенділер ойындарының медаль кестесінде Қазақстан құрамасы 71 жүлдемен (29 алтын, 17 күміс, 25 қола) көш бастап тұр. Екінші орынға Өзбекстан жайғасты. Бұл құраманың қоржында 32 медаль бар (11 алтын, 12 күміс, 9 қола). Ал үздік үштікті 40 жүлдемен (10 алтын, 15 күміс, 15 қола) Қырғызстан түйіндеп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2160616-qyrgyz-kokparshylary-marapattau-rasiminde-qazaqstan-anurany-oryndalmai-zhatyp-ketip-qaldy/