Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшпенділер ойындарындағы дау: қазақстандық көкпаршы Қырғызстан өкілін қамшымен ұрып жіберді (видео)

Жарияланған күні:

Көшпенділер ойынындағы дау
Көшпенділер ойынындағы дау. Видеодан кадр: t.me/ztb_qaz

Әлеуметтік желіде Астанадағы Көшпенділер ойындарындағы жағдайдың видеосы тарады. Көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ақтық сында отандасымыз қарсыласын қамшымен ұрып жіберген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиғаның видеосы Telegram-дағы ZTB | QAZAQSTAN арнасында жарияланды.

Бейнежазбада қазақстандық қатысушының алға кетіп бара жатып, Қырғызстаннан келген көкпаршыны қамшымен ұрған сәті көрсетілген.

Осыдан соң оған бірден құқыққорғаушылардың атты бөлімшесі келеді. Ойын осы жерден тоқтатылған, деп жазады автор.

Мұны көрген желі қолданушылары спортшының әрекетіне қатысты пікір жазып қалдыруда.

"Арандатушылық", "Ештеңе етпейді, ол да ұрып жіберуі керек еді", "Жазалау керек", "Мұндай әрекеттің қажеті қанша еді, олар қонақ қой", "Қиын жағдайда көмекке келетін қырғыз бауырларымыз ғой", - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2160630-koshpendiler-oiyndaryndagy-dau-qazaqstandyq-kokparshy-qyrgyzstan-okilin-qamshymen-uryp-zhiberdi-video/